Жұлдызай ДҮЙСЕНБИЕВА: Мені «шатақ мінезді» деуге ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет


«Шан­шар» әзіл-оспақ теат­ры арқы­лы елге таны­лған актри­са Жұл­ды­зай Дүй­сен­би­е­ва «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры аясын­дағы сұх­ба­тын­да өзінің бала­лар теат­рын қан­дай мақ­сат­та ашып оты­рға­нын айтып бер­ді. Оның айтуын­ша, өмір бойы біре­удің қара­мағын­да жұмыс істе­ген­ді қала­маған екен.

− Жұл­ды­зай ханым, сізді сахна­дан неге көрін­бей кет­ті десек, өз теат­ры­ңы­зды ашып жатыр екен­сіз. Құт­ты бол­сын!

− «Жұл­ды­зай­дың жұл­ды­зда­ры» теат­рын өзім­нің жеке теат­рым мақ­са­тын­да қабыл­дай алмай­мын. Өйт­кені бұл дүй­ім қазақ бала­ла­ры­на жаса­лы­нған дүние. Деген­мен, оқуға кел­ген бала­лар­дың ешқай­сысын «кере­мет жұл­дыз қыла­мын» деп, жар салып шақы­ру­дан аулақ­пын. Бұл оқу сту­ди­я­сын өнер­ге бау­лу және руха­ни бай, тәр­би­елі де өне­гелі ұрпақ тәр­би­е­леу мақ­са­тын­да ашып отыр­мын. Ашы­лу сал­та­на­ты­на қонақ болып кел­ген үлкен­дер­дің: «Бала­лар­дың бар­лы­ғы өнер ада­мы болып кет­пес. Бірақ ең басты­сы ертең­гі күні «Жұл­ды­зай­дың тәр­би­есі­нен шыққан» деген­де үлкен еңбек жасаға­ны­ң­ды сезі­несің» деп айтқан асыл тілек­тері­нен жігер алған­дай бол­дым. Оқып жатқан қырық бала­ның қай-қай­сысы­ның өмір­леріне осы тәлім-тәр­би­ем­нің пай­да­сы тиіп жат­са, кере­мет емес пе? Бұдан басқа маған ешнәр­сенің қажеті жоқ.

– Сон­да сати­ра сахна­сы қай­да қала­ды?

– Мені әзіл-сықақ театр­ла­ры­нан енді көр­мей­сіз­дер. Бұл сахна­мен мәң­гілік­ке қошта­са­мын дегенім емес, әрине. «Алда­рас­пан» теат­ры­ның дирек­то­ры Нұр­жан Төлен­ди­ев алдағы қой­ы­лым­да­ры­на қонақ ретін­де қаты­суы­ма ұсы­ныс біл­діріп отыр. Сол жер­ден көріп қалу­ла­ры­ңыз мүм­кін.

– Сати­ра алаңы­нан нелік­тен кетіп бара­сыз?

– «Екі кеменің басын ұстаған суға кетер» демек­ші, бір шару­а­ның ғана ете­гі­нен ұста­уды жөн көре­мін. Енді­гі­де тек бала­лар­мен жұмыс істей­мін. Оларға көбірек көңіл бөл­ген жөн. Сахна­да шошаң­дап жүре беру­ге де бол­май­ды, бұры­нғы­дай бой­дақ емес­пін. Одан бөлек бір әулет­тің келіні­мін, біре­у­ге жұбай­мын. Бір жарым жаста қызым бар. Ары-бері гастроль­ге шығып жүре алмай­мын. Менің жасым­да сал­мақты дүни­е­мен айна­лы­сқан дұрыс. Сати­ра сахна­сын­да жүр­гені­ме он бес жыл болған екен. Бұл біре­у­ге аз уақыт шығар, ал маған көп көрі­неді. Бұдан кей­ін­гі уақы­тым­ды бала­ларға арнап, артым­нан із қал­ды­рғым келеді. Тек сахна жаға­лап жүр­сең, кей­ін бола­шақ ұрпақ сені есіне қан­ша­лы­қты алып оты­ра­ды? Ары кет­се бір жыл айтар, одан кей­ін ұмыт бола­сың. Сол үшін де көлем­ді нәр­се­мен айна­лы­сқан­ды жөн деп тап­тым.

– Құра­мы бала­лар­дан ғана тұра­тын театр ашқан сіз ғана екен­сіз. Мұны өнер әле­міне алып кел­ген жаңа­лық деп қабыл­да­сақ болар ма екен?

– Иә, бала­лар теат­ры Қаза­қстан­да тұңғыш рет ашы­лып отыр. Көр­ші Өзбек, Ресей елдерін­де мұн­дай театр бар. Бала­лар­дың да қолы­нан іс келеді. Әрине, мил­ли­он­дап ақша тап­пай­ды. Бірақ өнер жағы­нан білі­мі жетік бола­ды. Оларға кезін­де өзі­ме ұстаз болған кісілер сабақ береді. Оқу сту­ди­я­мы­зға осы­дан алты-жеті ай бұрын кел­ген бала­лар­дың мінезі­нен кәдім­гі­дей өзгеріс бай­қа­ла­ды. Оны ата-ана­ла­ры да айтып жата­ды. Сон­ды­қтан біздің елі­міз­де де бала­лар теат­ры­ның болға­ны дұрыс.

– Бала­лар әле­мін таң­даға­ны­ңы­зға қарап, үлкен сықақ­шы­лар орта­сы­нан жалы­ққан ба деген де ой келеді екен…

– Әзіл-сықақ әле­мі­нен жалы­қтым дегенім дұрыс бол­мас. Өйт­кені ол да − өнер. Жал­пы «Адам­ды жыла­ту оңай, күл­ді­ру қиын» ғой. Тіп­тен қазір өзі адам жыла­у­ға дай­ын тұрған заман. Негізі басқы кез­де менің де әзіл-сықақ театр ашпақ ойым болған. Бірақ ерекше дүние жасай ала­мын ба, жоқ па? Өзге театр­ларға ұқсап кет­пей ме? Артым­нан ерген қыз­мет­кер­лер­дің жағ­дай­ла­рын жасай ала­мын ба деген ойлар маза­ла­ды. Өзім бір театр­да емес, үше­уін­де жұмыс істе­дім. Қал­таң­да ақшаң жоқ, үйсіздің күні не екенін біле­мін. Әзіл-сықақ теат­ры­ның тіке­лей мақ­са­ты табыс көзі деп ойлай­мын. Бұл айтқа­ны­ма әріп­те­стерім рен­жи­тін шығар…

Ал бала­лар теат­ры мүл­дем олай емес. Кіріп оты­рған кіш­кене табысы­ма қанағат ете­мін. Кей­де оқу­шы­ла­рым «Апай, кей­ін есей­ген­де, сіз­ге бір мәшине алып бере­міз» деп әзіл­деп жата­ды. Қазір өнер­ге елік­теп жатқан жастар көп. Бір ән жаз­ды­ра салып, «Неге мен Төреға­ли, Қай­рат бол­май­мын?» дей­тін­дері бар. Кіш­кен­тай бала­лар­дың бар­лы­ғы тек солар­дың әнін тың­да­у­мен өсіп жатыр. Елік­те­ген мүм­кін дұрыс шығар. Бірақ әркім­нің өз жолы болуы керек. Сон­ды­қтан бала­лар­ды өнер­ге ерте жастан тәр­би­е­ле­ген дұрыс.

Алға­шын­да біз­де оқу сту­ди­я­сы ғана болған. Кей­ін­нен оқып шыққан бала­лар бітір­ген соң қай­да бара­ды деп ойла­дым. Сахнаға шыққы­сы келетін бала­лар­дың ата-ана­сы бала­сын бір кон­кур­сқа қаты­сты­ру үшін қал­та­сы­нан қағы­лып жата­ды. Қазір­гі фести­валь­дар­дың бар­лы­ғы ақы­лы. Әшей­ін ән жаз­ды­руы­на кем деген­де елу-алпыс мың тең­ге кете­ді. Одан өткен бала­лар­дың ешқай­сысы кере­мет болып жатқан жоқ. Пай­да­сын тек ұйым­да­сты­ру­шы­лар ғана көреді. Сол үшін сту­ди­ям­дағы бала­лар­ды жөні жоқ фести­валь­дарға қаты­суға жібер­мей­мін.

– Ал сіздің мек­теп­ті биз­не­стің көзі деу­ге бола ма?

– Көзін тапқан адам бәрін биз­неске айнал­ды­ра ала­ды. Бірақ бұл мек­теп ақша­сын айна­лы­мға сала­тын биз­нес көзі деп айта алмай­мын. Бала­лар­дан түс­кен ақша­ны қыз­мет­кер­лер­дің айлы­ғы ретін­де бере­міз. Біздікі негізі биз­нес емес, нағыз өнер­ге бау­лу орта­лы­ғы болып кет­ті.

Бәл­кім, биз­нес деп, осы­ны да айта­тын шығар. Ең басты­сы жұмысы­ң­нан ләз­зат алсаң болға­ны. Және бола­шаққа деген үлесім­ді қосып жатыр­мын. Асып бара жатқан­дай табыс көр­мей­мін. Өйт­кені мем­ле­кет­тік меке­ме емес, деме­уші­міз бол­маған соң, мил­ли­ард­тап таба­мыз деп айта алмай­мын. Әйте­уір азын-аулақ еңбе­гі­міздің жемісін жей­міз.

– Жаңа­дан ашы­лған кез кел­ген театр­дан жұрт­шы­лық ерекше бір жаңа­лық күтетіні бел­гілі. Бірақ екі жыл­дан кей­ін олар­дың жұмысы бәсеңсіп, ізі жоға­лып кете­ді. Бірі қар­жы­лық дағ­да­ры­стан, екін­шісі көре­рменін тап­пай жабы­лып қала­ды. Сіздің бала­лар теат­ры­ңы­здың бола­шағы қан­дай деп ойлай­сыз?

– Бәрін уақыт көр­се­те­ді. Мем­ле­кет­тік меке­ме бол­маған соң, бола­шақта бар­лы­ғы кере­мет бола­ды деп айта алмай­мын. Егер ұсы­ныс түсіп жат­са, кон­церт бере­міз. Бірақ өзі­міз жылы­на екі рет қой­ы­лым көр­се­туді мақ­сат етіп отыр­мыз. Қазір­гі жағ­дай­да аяғы­мы­здан тұрып кету­ге бір-екі жыл керек бола­ды.

– «Әуел баста «Шан­шар» арқы­лы таны­лған Жұл­ды­зай ол жер­ден кет­ті, одан соң «Алда­рас­пан», кей­ін­нен «Мафия мен Тақия» теат­рын жаға­ла­ды. Бұдан да ештеңе шық­паған соң амал­сыздан өз теат­рын ашып­ты» дей­тін­дер­ге не айта­сыз?

– Күні кеше ғана бір теле­бағ­дар­ла­ма­да мені «шатақ мінезді» деп көр­сетіп­ті. Сол кісілер­ге рен­жулі­мін. Мені бұлай жазғы­ру­дың реті жоқ. Ұста­зым­ның «Итпен ит боп ырыл­дас­саң, аузы­ң­да не қадір-қаси­ет қала­ды» деген сөзін ұста­на­тын болған соң ғана үнде­мей қоя сал­дым. Маған мұн­дай «қара пиар» жаса­удың қажеті жоқ еді. Шатақ мінезді бола­тын­дай біре­удің бетін тыр­нап, шашын жұлған жоқ­пын.

Өнер ада­мын халы­ққа жек­көріні­шті етіп көр­сетін­дер­ді түсін­бей­мін. Енді­гі­де сұх­бат­ты таң­дап беретін бола­мын. Мораль­дық тұрғы­дан көңілі­ме тигенін сотқа бере­мін деп шештім. Өйт­кені көп­шілік­тің алдын­да мені «шатақ мінезді» деп айтуға ешкім­нің қақы­сы жоқ. Егер расы­мен мінезім жаман бол­са, ашы­лу сал­та­на­ты­на Роза Қуа­ны­шқы­зы, Амал­бек Тша­нов аға­мыз келіп, театр­дың тұса­уын кесіп бер­мес еді.

Әр адам­ның алды­на қой­ған мақ­са­ты бола­ды емес пе? «Шан­шар» мен «Алда­рас­панға» сый­маған­ды­қтан кет­пе­дім. Бұл жер­де әркім­нің өз пай­ым­да­уы бар. Біре­удің қол астын­да өмір бойы жұмыс істе­гім кел­меді. «Талай мықты­лар­ды мой­ын­даған­мын, өзім­ді де мой­ын­да­та­мын» демек­ші, қолым­нан кел­ген­ше бір­нәр­се­мен айна­лы­сқым келеді. Өмір бақи Уәли­бек аға мен Нұр­жанға қыз­мет жасап жүретін баяғы жас қыз емес­пін ғой. «Шан­шар» теат­рын­да жұмыс істеп, қашанғы үй-күй­сіз жүре бере­мін? Жас келіп, сати­ра­дан кету керек бол­ды. Сон­ша жыл жүріп, арты­ма із қал­ды­ра алма­сам, онда несіне Жұл­ды­зай болып жүр­мін. «Шан­шар», «Алда­рас­пан» театр­ла­рын­да дүр­кіре­генім өнер­ге үлесім­ді қосқан­ның жанын­да көк тиын деп ойлай­мын. «Мафия мен тақия» теат­ры­нан кетер кез­де Жанат­бек ағай­дың келісі­мін алдым. Себебі гастроль­ге бала­мен шығып жүріп, ауыр­тып та алған кез­дерім бол­ды.

– Қазір­гі кез­де бұры­нғы­дай әзіл-сықақ театр­ла­рын іздеп жүріп көретін халы­қты көр­мей­міз. Күн­делік­ті күй­бең тір­лік­ті сахна­ла­удың соңын­да театр­лар көре­рменін жалы­қты­рып алған жоқ па? Қалай ойлай­сыз?

– Кезін­де әзіл­дің ішін­де жүріп, актри­са ретін­де біздің ізденісі­міз аз болған еді. Сол үшін де кетуді ойла­дым. Халы­қтың қызы­қ­пай кетуіне саны бар, сапа­сы жоқ театр­лар себеп­кер болуы да мүм­кін. Бұл пікірім­ді сати­ра­дағы әріп­те­стерім дұрыс қабыл­да­май қала­тын шығар: бірақ әділеті солай ғой. Бәрінің айта­ты­ны бір тақы­рып. Бір жағы­нан әзіл-сықақ теат­ры­на ауыр тақы­рып­ты қосуға бол­май­ды.

Деген­мен, осы сала­да жүр­ген аға-әпке­лері­міз мәсе­ленің шеші­мін табар деп ойлай­мын. Бала­лар теат­ры­ның ашы­лу сал­та­на­ты­на зия­лы қауым өкіл­дерін шақы­рған­да, көп­шілі­гі «Жұл­ды­зай сай­қы­ма­зақ театр ашып жатыр» деп ойлаған екен. Әшір­бек Көпіш аға­мыз: «Енді бала­лар­ды әзіл­ге қосты ма десем, сенің басқа арнаға бет бұрға­ны­ңа қуа­нып отыр­мын», – деп айтқан еді.

– Жұл­ды­зай күй­е­у­ге шыққан соң, қан­ша­лы­қты өзгеріп кет­ті деп ойлай­сыз?

– Жер мен көк­тей өзгеріс бар. Жас кезім­де бір өзім­ді ғана ойлай­ты­н­мын: қай­да жүр­гім кел­се, сон­да бола­ты­н­мын. Ол кез­де мен үшін сахнаға шыққа­ным маңы­зды бол­ды. Театр­дың соңы­нан қуып, әйте­уір Жұл­ды­зай болып жүре берей­ін деуші едім. Қазір мінезім­де сал­мақты­лық, төзім­ділік, сабыр­лы­лық басым. Дүни­е­ге бала әкел­ген соң, тек сол үшін ғана өмір сүреді екен­сің. Тіп­тен өнер­ден балам үшін де бас тар­туға дай­ы­н­мын. Өмір­ге деген көзқа­ра­сым өзгеріп, бұры­нғы­дай жеңіл қара­май­тын бол­дым.

– Ұзы­нқұлақ сізді жұбай­ы­ңы­з­бен ажы­рас­ты­рып қой­ып­ты: бұған не дер едіңіз?

– Жоқ, мүл­дем олай емес. Күй­е­уім еке­уміз бір­ге тұрып жатыр­мыз. Құдай сақ­та­сын!

– Қан­дай келін­сіз? Сәлем салып, ора­мал тар­та­тын оңтүстік­тің сал­тын берік ұстай­сыз ба?

– Ата-енем Сары­ағаш ауы­лын­да біз­ден бөлек тұра­ды. Ол кісілер­ге барған сай­ын, табал­ды­ры­қтан аттаған­нан бастап ора­мал таға­мын. Сәлем салып, келін­ге тән халат та кие­мін. Қаза­қы­лы­ғы­мы­зға тән салт-дәстүр­дің бар­лы­ғын ұстай­мын. Жал­пы үне­мі ора­мал тар­тып жүру ойым­да бар. Бірақ біздің қоғам әзір­ге ондай­ды дұрыс қабыл­да­май­ды. Бір жағы­нан өнер ада­мы­м­ыз, елдің алды­на шыға­мыз. Сол себеп­тен де үне­мі ора­мал тағып жүру­ге өнер орта­сы дай­ын емес сияқты.…

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН,

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ТОП

Tags

контейнерный терминал Евротерминал грижа спортзал в служебному кабинете Наиля Аскер-Заде и Андрей Костин устроили оргию В рабочий день Кенес Ракишев заговорит» «Запасайтесь попкорном Стрючков Владимир алея художників Лимит на легионеров Евгений Гинер Мастер-класс от афериста Ермолаева — как грабить страну экоцид ДМК Сериал Чернобыль кровавый убийца или находчивый мошенник? Загид Краснов: криминальный авторитет Honor 20 Pro Флагманские смартфоны 2019 бои на Донбассе авторская здоровые рецепты Госэкоинспекция Михельсон Виктория Леонидовна Алекперов Юсуф Вагитович медикаменты Брайан Хикерсон Markus Riva растения плен  Морская Палата Украины Кисловский разгром ПСП «Пісківське» PÖTTINGER Валерій Колоша жаль травма в рейсе взрыв судно GREAT ASPIRATION Студия Квартал 95 Андрей Яковлев порт Одессы Джессика Альба Новости Одессы Новости Харькова Агуреева Мария Тимофеев Михаил Кровавые связи Патрушевых